Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Мүйіз сатып, миллиард санағандар

Atr.kz/29 қазан, 2019 жыл. Көңілдің көліндей мөлдіреген көзін көргенде, кез келгеннің қару оқтауға батылы бара бермейтін құралайға қырғын жорықтың дамылдар түрі жоқ. Браконьерлер табиғат байлығы – киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Жуырда Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері Алматы, Шымкент және бес облыс аумағында ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесін ұстады. Тексеру барысында үш мың өлі киіктің мүйізі табылған. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

– Қыркүйек-қазан айларында Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарымен, Алматы және Шымкент қалаларының аумағында жедел іздестіру шараларын жүргізіп, ұзақ уақыт бойы киіктерді заңсыз аулап келген ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, — делінген комитет таратқан ақпаратта. Қылмыстық топтың 18 мүшесі ұсталған. Олардың барлығы да Қазақстан азаматтары, тоғызы сот санкциясымен қамауға алынды.

«Тергеп-тексеру кезінде 1,1 тонна киік мүйізі, яғни, 3 мыңнан астам жануар табылған. Мамандардың есептеуінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің салдарынан мемлекетке 5,6 миллиард теңге залал келген» дейді комитеттің баспасөз қызметі.

Киікті сұраусыз, оңай олжа көргендердің толастар түрі жоқ. «Қызыл кітапқа» енгізіліп, ерекше қорғауға алынған жануар мүйізін қылмыстық топ контрабандалық жолмен шекара асырып, Қытайға сатуды жоспарлаған. ҚР Қылмыстық Кодексінің 262-бабы, 2-бөлімі «Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу» және 339-бабы, яғни, «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондайақ, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button