Атырауға «MediaLitFest» фестивалі аясында Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры келді (+ФОТО)

img 20210618 wa0114 Жаңалықтар

26 маусымда Атырау облысында MediaLitFest медиа және ақпараттық сауаттылыққа арналған бірінші онлайн фестиваль өткізіледі. Осыған орай, бүгін «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің баспасөз залында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау муниверситетінің журналистика кафедрасының меңгерушісі Мəншүк МҰҚАШЕВА аймақ журналситерімен кездесті.

Аталған медиахолдинг директорының орынбасары Рауан Сәбитов фестивальдің маңызын айта келе, қолына қалам ұстаған қауымды оған белсене қатысуға шақырды.

Ал, өз кезегінде Мәншүк Тынышқалиқызы фестиваль аясында кітапхана қызметкерлері, педагогтар, бизнес пен ҮЕҰ өкілдері, студенттер мен оқытушылар, мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары, зейнеткерлер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне медиасауаттылық, агрессивті заманауи ақпараттық ортада өзін-өзі ұстау қағидалары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылатын теріс ақпаратты жариялаудың ҚР заңнамасында көрсетілген шектеулері, жеке акаунттар мен пабликтерде сапалы контент жасауға көмектесетін цифрлық дағдылар және басқа да тақырыптар ұсынылатынын жеткізді.

img 20210618 wa0094
img 20210618 wa0097

Осыдан кейін Атырауға арнайы келген құрметті қонақ – Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ ҚОЙТАНОВ сөз алып, фестивальдің сәтті өтуіне тілек білдірді.

  • Қадірлі Мәншүк Тынышқалиқызы! Сізді 28 маусым – Ақпарат және байланыс саласы қызметкерлерінің күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өзіңіз басқарып отырған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Журналистика кафедрасы еліміздің әдебиет, өнер, мәдениет салаларындағы жаңашылдықтарға әрдайым үн қосып, қолдау білдіріп отырады.Сіздің қолдауыңызбен бір топ мәдениет қайраткерлері Атырау топырағында туған қазақтың ұлы ақыны – Жұмекен Нәжімеденовтың 85 жылдығы да өз деңгейінде аталып өтіп, келелі бастамалар жүзеге асырылды.
img 20210618 wa0102
img 20210618 wa0119

Ел руханиятына сіңіріп жатқан осындай еңбектеріңізді ескере отырып, Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясы атынан сізді «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалімен марапаттауға рұқсат етіңіз. Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясы – еліміздегі елуге жақын ірі баспалардың одағы, қоғамдық ұйым. Осы ұйым басшылығы, мүшелері, құрылтайшылары бірауыздан сізді кәсіби мереке қарсаңында елге еңбек сіңіріп жүрген тұлғаларға табыстайтын медальмен марапаттауға шешім қабылдаған. Қабыл алыңыз! Абыройыңыз арта берсін, мерейіңіз үстем болсын! – деген ол марапат иесінің өңіріне медаль қадады.

Соңында брифинг қонақтары журналистердің сауалына жауап берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз