Партия санымен емес, сапасымен ықпалды

Партия санымен емес сапасымен ықпалды Жаңалықтар

Еліміздің қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғарғы халықаралық беделге ие болуына «Нұр Отан» партиясының қосқан және қосар үлесі мол. Кеше Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының XXVII есеп беру-сайлау конференциясы өтіп, оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы қатысты.

%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%82%d0%b8%d1%8f-%d1%81%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b5%d0%bc%d0%b5%d1%81-%d1%81%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d1%8b%d2%9b%d0%bf%d0%b0%d0%bb%d0%b4

Конференция жұмысы бұған дейін шаһар басшысы қызметін атқарған Нұрлыбек Ожаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасы қызметінен босатылып, бұл лауазымға Серік Шәпкеновті сайлаумен  басталды.

– Бұл – мен үшін үлкен сенім және жауапкершілік. Әрқашан Елбасымыздың алдымызға қойған талаптарын, тапсырмаларын орындауға бар күш-жігерімді саламын деп сендіремін. Партияның басты идеясының бірі – бірлік. Сондықтан, партия мүшелерін жүктелген міндеттерді абыроймен бірлесіп атқаруға шақырамын, – деді С.Шәпкенов.

Соңғы екі жылда атқарылған жұмыстар туралы қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Зайдуллин баяндады.

– Партияның «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында!» атты саяси доктринасында  партия – мемлекетіміздің негізгі құндылықтарының қорғаушысы болуы қажеттігі атап айтылды. Міндеттер межеленді, тиісті тапсырмалар берілді, зор жауапкершіліктер жүктелді.Партияның осы құжаты мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Елбасының «ХХІ ғасыр. Әлем» атты Манифесін қала тұрғындары, мекеме, ұжымдары, бастауыш партия ұйымдары арасында насихаттау, түсіндіру, талқылау мақсатында филиал жанынан құрылған үгіт-насихат топтары соңғы екі жыл ішінде  328 кездесу өткізді, – деді ол.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партияның ХІІ съезінде  аталған саяси ұйым мүшелерінің санын көбейтуге емес, оның сапасына баса назар аудару қажеттігін атап көрсеткен болатын. Елбасының осы тапсырмасын орындау барысында саннан сапаға өту бағытында  ұйымнан қол үзіп, жылдап партиялық мүшелік жарнасын төлемегендігі үшін Жарғыға сәйкес 4 592 адам  қатардан шығарылса, 4 435 адам қабылданды.

Қалалық филиал төрағасы  бірінші орынбасарының айтуынша, бұл жұмыстардың жүйелі жүруі партия қатарын көбейтуге кедергі емес, керісінше, ұйымға ерікті кірушілер саны күннен-күнге арта түсуде. Халық сеніміне нық ие болған партия қоғам белсенділерін біріктіре отырып, қазақстандықтарды жалпыұлттық міндеттерді шешуге жұмылдыра алды.

%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%82%d0%b8%d1%8f-%d1%81%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b5%d0%bc%d0%b5%d1%81-%d1%81%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d1%8b%d2%9b%d0%bf%d0%b0%d0%bb%d0%b4

– «Нұр Отан» партиясы – халық сеніп, үміт артып келетін саяси ұйым. Айта кету керек, көптеген қала тұрғындары  тиісті орындарға барып, олардан жауап ала алмағандығынан  Атырау қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына келуде. Осыған орай, қалалық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі нақты  жұмыстар атқарып, шаһар басшысы, қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, құқық қорғау органдарының, әкімшіліктің бөлім басшылары мен мәслихат депутаттары қабылдаулар өткізіп келеді, – деді Әділбек Жайдарбекұлы.

«Нұр Отан» партиясы қоғамның барлық сұраныстарына шұғыл үн қататын топтастырушы әрі жауапты бұқаралық саяси ұйымға айналғандығы жөнінде жарыссөзге шыққандар да жан-жақты тоқталды.

– Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев саяси кеңес мүшелерінің алдына нақты міндеттер қойды. Бүгінгі конференция еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін барлық қарым-қатынастар үзіліп, «енді не істейміз?» деп, алға қарай даму жолын айқындау керек болған кезеңде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы тиімді, батыл және қажетті шешімдер қабылдағанын уақыттың өзі көрсетіп отыр.

Реформалар мен мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асуының нәтижесінде бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастыққа танымал, айтар сөзі, айшықты ойы, қосар үні бар, орныққан мемлекетке айналды. Осы жетістіктерге жетуге, біріншіден, қазақстандықтардың саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді, бірлікті, бейбітшілікті таңдауы себеп болды. Бұл – отандастарымыздың болашағымыздың жарқын болуына қосқан үлестерінің оң нәтижелері.

Сондай-ақ, бұл бағытта партия құрылғаннан бері «нұротандықтар» да белсенділік танытып келеді. Партия доктринасы «Нұр Отанның» ХХІ ғасырдағы миссиясын, «Қазақстан – 2050» және тағы басқа да стратегиялық құжаттарда көрсетілген межемізді айқындап берді, – деді конференцияны қорытындылаған облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы.

Сонымен қатар, жиын барысында партияның Атырау облыстық филиалының ХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланып, қалалық филиалдың саяси кеңесінің құрамы да нақтыланды.

 

Жарыссөз

Ұрпақтар  сабақтастығы  қажет

Әліпқали  Бекеш,

«Ардагерлер  ұйымы»  республикалық  қоғамы

бірлестігінің  Атырау  қалалық  филиалының  төрағасы:

– Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау өте жоғары деңгейде. Қазіргі таңда облыс орталығында 27 мыңдай зейнеткер, 2700-ге жуық тыл және қырық шақты Ұлы Отан соғысы ардагері бар. Қан майданға аттанған, бүгінде көзі тірі он шақты ардагер ғана өздігінен жүре алады, қалғандарының денсаулығы нашарлады. Осы орайда, тыл ардагерлерін бұқаралық шараларға көбірек тартуды ұсынамын. Сұрапыл соғыс жылдары олар да жауапты жұмыстар атқарып, мекемелерді басқарған. Қазір олардың жас шамасы 70-80 аралығында.

Әр жыл басында біз облыстық білім беру басқармасы мен қалалық білім бөліміне отызға жуық ардагердің тізімін беріп қоямыз. Жастарға, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында осы адамдарды кездесулерге шақырып, өскелең ұрпақ әңгімелерін тыңдаса, артық етпейді.

 

Жастарға қолдау зор

Вероника  ЛИ,

«Жас  Отан»  жастар  қанатының  белсенді  мүшесі:

– Атырау қаласындағы жоғары және арнаулы оқу орындары мен мекеме-кәсіпорындарда «Жас Отан» жастар қанатының бөлімшелері құрылып, онда бір мың жарымға жуық жас қабылданған.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «жасотандықтар» жастар көп шоғырланатын орындарда ұлттық-рухани құндылықтарды дамыту, насихаттау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырып келеді.

«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында қалада «Қолжетімді баспана» жобасы үзіліссіз жүзеге асуда. Аталған бағдарлама бойынша 45 жас отбасы баспанаға ие болса, бүгінгі күні тағы құжаттарды қабылдау жұмысы жалғасуда. Сонымен қатар, «Жас отау» бағдарламасы аясында құрылысы жүріп, пайдалануға беріліп жатқан тұрғын үйлер де облыс орталығында орналасқан. Бұл қаладағы жастарға жасалып жатқан үлкен қамқорлық екенін мойындауымыз керек.

 

Басты талап – бәсекеге қабілетті

маман даярлау

Әли ӘБІШЕВ,

Атырау  мұнай  және  газ  университетінің  ректоры,

«№1 округ»  бастауыш  партия  ұйымының  төрағасы:

–Ағымдағы жылы «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс сессиясында Мемлекет басшысы алдымызға нақты міндеттер мен мақсаттар қойып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындауды жүктеді.

Атырау мұнай және газ университеті аталған бағдарламаның 77 қадамы – «Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату», 78 қадамы – «Назарбаев университеті тәжірибесін ескере отырып, жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңмен кеңейту», 79 қадамы – «Білім беру жүйесінде ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсат – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру» тапсырмаларын басшылыққа ала отырып,  жаңа стратегиясын қабылдады.

Он бір қазақстандық жоғары оқу орнына, оның ішінде, Атырау мұнай және газ университетіне индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кадрлар даярлауға сенім білдірілді. Соның негізінде, материалдық-техникалық базамыз жаңартылып, қажетті оқулықтар мен ғылыми-техникалық әдебиеттер кітапхана қорын толықтырды.

Он сегіз ғылыми жоба дайындалды. Университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік келісім-шарты негізінде 70 оқытушы шетелдерде білім жетілдіру курстары мен тағылымдамадан өтті, 25 шетелдік профессор студенттерімізге дәріс берді. Бұл үрдіс биылғы оқу жылында да жалғасын табуда.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз