ЖаңалықтарМедицинаҚоғам
«Үміттен» тегін көмек ал!
Жастар жылында түрлі жаңа бастамалар қолға алынуда. Мәселен, Атырау қалалық №3 емханада жастарға арналған «Үміт» денсаулық орталығы ашылды.
Бұл жерде 14-29 жас аралығындағы жастарға медициналық және психологиялық көмек тегін көрсетілмек. Орталық жетекшісі Анна Науашеваның айтуынша, емханаға бекітілген мектеп оқушылары мен студенттер психолог, гинеколог, жасөспірім дәрігері және заңгер мамандарының көмегіне жүгіне алады. Сондай-ақ, орталықта бейресми бағытта семинарлар мен түрлі тренингтер ұйымдастырылмақ.