Жарнама
Жаңалықтар

Миссисипи өзені бөгетті бұзып, бір қала су астында қалды

Аtr.kz/2 мамыр, 2019 жыл.  Уақытша бөгеттің бұзылуы салдарынан Айова штаты Давенпорт қаласын (АҚШ) су басып қалды. Судың деңгейі 1,8 метрге жетті.

Тұрғындардың көпшілігі аман қалу үшін жанталасып үйлердің шатырына шықты. Ал, басқаларын құтқарушылар қайыққа салып эвакуациялады, деп хабарлайды The Weather Channel.

Оқыс оқиға уақытша бөгеттің жарылуынан болды. Ол арнасы тасыған Миссисипидің тармағы — Миссури өзенінен қаланы қорғап тұрған еді. Мұнда су деңгейі өте жоғары, әлі де көтеріліп жатыр. Жұмысшылар бөгетке құм салынған қаптарды қойып, бекітпекке әрекеттенді. Алайда, бұл шара еш нәтиже берген жоқ. Су тасқыны салдарынан бірнеше автомобиль жолдары жабылды. Ұлттық метеорологиялық қызмет Миссисипиде судың деңгейі ең жоғары рекордтық көрсеткішке дейін көтеріледі деп болжап отыр.

Дереккөз: «Қаз Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button