Жарнама
Жаңалықтар

Мирзияев: «Шенеуніксің бе? Қандай үйде тұрасың, көлікті қайдан алдың?»

Atr.kz/5 ақпан, 2020 жыл. Өзбекстанда мемлекеттік қызметкерлердің табысы мен шығынын бақылауға алатын коррупцияға қарсы мекеме құрылады.

Осылай деп Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ғалымдар мен зерттеу институтының басшыларымен кездескен кезде мәлімдеді.

«Коррупцияға қарсы агенттікті не үшін құрып жатырмыз? Министрлер қалай тұрып жатыр, қандай үйде тұрады? Өзі немесе отбасы мүшелері қандай көлікпен жүреді? Балалары қайда оқиды? Бұдан былай әрбір шенеунік осы сұрақтарға жауап беретін болады…», – деген Өзбекстан басшысы.

Өткен жылы Өзбекстанда барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің табысын жариялайтын жүйе таныстырылған. Президент қаулысына сәйкес, ол кезең кезеңмен жүзеге асады.

Әзірге құжат қабылданған жоқ.

Осының алдында Өзбекстан президенті кеден бекеттері бірінің басшысының үйінен 400 мың АҚШ доллары табылғанын айтқан болатын.

Дереккөз: https://dalanews.kz/

http://atr.kz/egov/alik-shpekbaev-zhem%D2%9Borly%D2%9Bty-t%D2%AFp-tamyrymen-zhoyu-k%D2%AFn-t%D3%99rtibinen-t%D2%AFspejtin-k%D2%AFrdeli-m%D3%99sele/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button