Енді Атырау көшелеріне энергия үнемдеуіш шамдар қойылады

ФОТО ШАМ Жаңалықтар

Атырауда қала көшелерінің 100 шақырымына энергия үнемдеуіш шамдар қойылады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ФОТО - ШАМ

«Энергия үнемдеуіш шамдар негізгі даңғылдармен қатар екінші деңгейлі көшелерге де орнатылады. Шамдардың бір ерекшелігі, электр энергиясын үнемдеуден тыс, қарапайым лампаларға қарағанда ұзағырақ қызмет етеді. Бұл идея «Жасыл энергетика» бағдарламасының аясында жүзеге асырылады»,-дейді Атырау қалалық әкімдігінің қызметкерлері.

Алдағы уақытта «Жасыл энергетика» бағдарламасымен облыста Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын технопарк салу, осы сияқты басқа да жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз