Алғыс айту күніне орай Атырауда қандай шаралар өтеді?

20190301194947 800x400 1 Жаңалықтар

1 наурыз – Алғыс айту күнінде Атырау облысында өтетін шаралар туралы жазады atr.kz  тілшісі.

Атырау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара 1 наурыз күні сағат 15.00-де облыстық халық шығармашылығы орталығында ұйымдастырылса, кешкі сағат 20.00-де Ғ.Сланов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «ЖырLINE» жобасы  өтеді.

Сондай-ақ, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Атырау облысы ҚХА Аналар кеңесінің «Қазақтың тұмары туралы» мерекелік іс-шарасы «Достық үйінде» 2 наурыз күні сағат 16:00-де ұйымдастырылады.

Ал, 3 наурызда Атырау облысы ҚХА «Татулық» татар-башқұрт  ЭМБ шығармашылық ұжымының есеп беру концерті өтеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз