Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Әміржан Қосанов қол жинауға кірісті

Аtr.kz/3 мамыр, 2019 жыл. «Ұлт тағдыры» қозғалысының атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Әміржан Қосановты ҚР Орталық сайлау комиссиясы Конституция талаптарына сай деп тапты.

 КТК арнасының хабарлауынша, кандидат өткізген құжаттары мен қазақ тілінен тапсырған сынағынан мін табылмаған. Кандидат Әміржан Қосановтың өзі сайлауға дайындықпен келгенін, қазіргі таңда 17 облыста штаб жұмыс істеп жатқанын айтады.

Енді саяси науқанға қатысатындардың барлығы дерлік өңір-өңірді аралап, 6 мамырға дейін 118 мың қолдаушысының қолын қойдырып әкелуі керек. Сондықтан уақыт тығыз.

Ақылбек Ихданов,

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
 — Үміткер  қол жинау үшін тек үш сенімді өкілінің көмегіне жүгіне алады. Сөйтіп, мамырдың 6-сында қол қойылған қағаздарды тапсыруы қажет. Ол құжаттар мамырдың 11-іне дейін тексеріліп, кейін кімдердің ресми түрде кандидат ретінде тіркелетіні белгілі болады.

Қазіргі таңда кандидаттыққа сегіз үміткердің қазір жетеуі қол жинауды бастады. Олар – «Нұр Отан» партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ақ жол» партиясынан Дания Еспаева, ҚР Кәсіподақтар федерациясынан Амангелді Таспихов, Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков, «Ауыл» партиясынан Төлеутай Рақымбеков және «Ұлы дала қырандары» қозғалысы ұсынған Сәдібек Түгел.

 Ал, соңғы болып президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Жұматай Әлиев әзірге қазақ тілінен емтихан тапсырған жоқ.

«Аtr – Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button