Әлеуметтік патруль көмекке келеді

e4b3cadfce9d6e6725a339b76a87e451 big Жаңалықтар

Атырауда іске қосылған «Әлеуметтік патруль» бөліміне «ҚазНет» қолданушылары алғыс жаудырып жатыр. Ауа райы температурасының күрт төмендеуіне байланысты жолға шыққан «Әлеуметтік патруль» бөлімінің арнайы көлігі қазір баспанасыз жандарға көмек көрсетуде.

e4b3cadfce9d6e6725a339b76a87e451_big

Әлеуметтік бейімдеу орталығының басшысы Өміржан Жұманиязовтың айтуынша, мақсат баспанасыз адамдарды үсіп кетуден қорғау және көмекке зәру жандарды орталыққа әкеліп орналастыру. Фельдшер мен әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлерінен тұратын арнайы патруль көлігі күні бойы қала ішін аралап, үй-күйсіз жүрген жандарды іздеумен айналысуда.

Баян Жанұзақова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз