ЭКСПО үшін салынған үйлерді қаншаға сатып алуға болады?

20190201130319 Жаңалықтар

«Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде салынған үйлердің бағасын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20190201130319

«ЭКСПО аумағында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешеніндегі баспаналардың шаршы метрінің құны сатып алудың таңдалған әдісіне байланысты өзгермейді. Яғни, тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі 399 900 теңгені, ал көлік орны 735 000 теңгені құрайды», – деді Асқарбек Өсербаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Хабарланып отырғандай, бір бөлмелі пәтерлердің аумағы 39,6-дан 51 шаршы метр, екі бөлмелілер 57,1-80,6 шаршы метр, үш бөлмелілер 81,1- 106 шаршы метр, төрт бөлмелілер 105-123,4 шаршы метр аралығында. «Тұрғын үй жайлылықтың ІІ санатына сай келеді және таза әрленген күйде өткізіледі», – деді ол. Айта кетсек, отандық және шетелдік делегацияларды орналастыру үшін «ЭКСПО-2017» көрме-кешенінің аумағында көпқабатты 42 үй салынған болатын. Бүгінге дейін олардан 148 пәтер мен 103 көлік орны сатылып кетті. Жылжымайтын мүлікті сатып алуға Digital Baiterek онлайн-платформасы арқылы барлығы 1547 өтінім келіп түскен. Еске салсақ, 2018 жылдың 16 қаңтарынан бастап көрме аумағындағы жылжымайтын мүлікті сатып алуға өтінімдерді қабылдау уақытша тоқтатылған еді. Бүгін Асқарбек Өсербаев пәтерлерді сату қайта басталғанын және оларды иеленудің шарттарын атады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз