Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Министр: жастар санасына мықты иммунитет қалыптастыру маңызды

Atr.kz/ 11 сәуір, 2019 жыл. Бүгін Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен басталған «Рухани Жібек жолы.

Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияға қатысқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жастардың санасына жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.  

cd37ed46198bb78c38b3e24a7fc57fa1 M

«Радикализмге адамдар қандай себеп бойынша бұрылып кететінін анықтау қажет. Оған жекелеген адамдарды гуманистік, интеллектуалдық, мәдени жағдайлар да итермелеуі мүмкін. Сондықтан да заманауи зайырлы мемлекеттің дін өкілдері аймақтардағы дәстүрге мән беріп, мәдени бағыттағы, ғылым мен білім саласындағы артықшылықтарды ескеруі тиіс деп ойлаймын. Біз жас ұрпақтың дүниетанымын дұрыс қалыптастыруымыз керек. Қазіргі жастар өз пікірлерін ашық айта алады. Олар бәсекеге қабілетті, білімге құштар. Ең бастысы олардың санасына жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастыру маңызды», – деді Дәурен Әскербекұлы.

Дереккөз: «Мүфтият.кз»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button