
Жаңалықтар
«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы жарияланды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсанындағы №250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі.
Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті 2017 жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын жариялайды.
Конкурс 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – ұлттық.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияларға 2017 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін беріледі.
Толық ақпаратты www.kaztube.kz сайтынан алуға болады.