Атыраулық журналистер «Халық алғысына» ие болды

whatsapp image 2020 11 06 at 16.41.51 8 COVID-19: Соңғы поштадан...

 Облыс тілшілерінің бірқатарына бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Халық алғысы» медалін табыс етті. 

Марапатталғандардың қатарында «Атырау» газетінің Atr.kz сайтының бас редакторы Баян Жанұзақова да бар.

БАҚ өкілдерінің елдегі, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды, атқарылып жатқан жұмыстарды оқиға орнынан күнделікті ақпараттандырғаны белгілі. Бақытгүл Қайыржанқызы еңбегі еленген тілшілердің ерен еңбектеріне ризашылығын айтып, олардың індеттің таралуына қарсы күреске қосқан зор үлестерін атап өтті.

whatsapp image 2020 11 06 at 16.41.51 2

– Коронавирус дертімен күресте дәрігерлер, тәртіп сақшылары, төтенше жағдай қызметкерлері жанқиярлықпен еңбек етті. Міне, олардың қызметін жан-жақты көрсетуде, халықты үрейге бөлеген індеттен сақтандыруда, облыстағы ауқымды жұмыстарды және орын алған түйткілді мәселелерді талдап жазуда журналистер ерекше көзге түсті. Көптеген журналистер осы күреспен індеттің алғы шебіне, яғни емдеу мекемелеріне аяқтай барып, күндіз-түні мігірсіз атқарылып атқан жанкешті шараларды көзбен көріп, оқиға орнынан тікелей репортаж жүргізгеніне куәміз, – деді Б.Хаменова.

img 20201106 wa0153
img 20201106 wa0156

Мерейлі марапатқа ие болғандардың қатарында «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Серік Қабдолов, «Атырау» телеарнасының редакторы Жұлдыз Тілеухан, Өңірлік коммуникациялар қызметінің фототілшісі Расул Серіков және басқалары бар.

whatsapp image 2020 11 06 at 16.41.51 7
whatsapp image 2020 11 06 at 16.41.51 1

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

https://atr.kz/bez-rubriki/keleshek-kene%d1%8e-zhobasynyn-negizgi-qurylys-kezeni-a%d1%8fqtaldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз