Мереке қарсаңында Атырау облысында 6 әлеуметтік нысан ашылды (ФОТО)

IMG 6543 Білім

Тұңғыш Президент күніне орай Атырау облысында 6 əлеуметтік нысан ашылды. Жаңа нысандар облыс орталығымен қатар аудандарда да пайдалануға берілді,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG_6543

Ел игілігіне тапсырылған нысандар қатарында – Индер ауданы, Құрылыс ауылындағы 100 орындық орта мектеп пен Индер поселкесіндегі 290 орындық балабақша, Атырау қаласы, Жұмыскер поселкесіндегі мəдениет үйі, Жылыой ауданы, Жаңақорған, Шоқпартоғай, Ақкиізтоғай ауылдарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бар.

Жалпы биыл аймақта құрылыс қарқыны мен пайдалануға берілген əлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым қатары көп болды.

IMG_6544

Сыйымдылығы 1355 орындық 7 балабақша, 1608 оқушыға арналған 5 мектеп ашылды, екі мектеп күрделі жөндеуден өтті.

IMG_6542

Облыс орталығында инфекциялық аурухана іске қосылды, ал Индер ауданы, Көктоғай ауылының тұрғындарын жаңа отбасылық амбулаторияның ашылғаны қуанышқа бөледі.

Үш мəдени нысан салынды – Жанбай, Жұмыскер ауылдарында 200 орындық 2 мəдениет үйі, Индер поселкесінде мəдениет үйі.
Аймақ биыл 5 спорт нысанымен толықты. Тұрғындар игілігіне Атырау, Ақжар ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері берілді. Ал, Жылыой ауданында үш нысан ашылды.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз