Пандустар пайдалануға берілді

screenshot 2 12 667x400 1 Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУДЫ АЙТЫП, МҰНЫ ҮНЕМІ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСІРМЕЙ КЕЛЕДІ. АЛ, МӘСЕЛЕНІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРҒА ЖҮКТЕЛГЕН. СОЛ МАҚСАТТА АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 2020-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «НҰРЛЫ ЖЕР» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛҒАН ЕДІ. ЖУЫРДА ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ДАҢҒЫЛЫНДАҒЫ №54 ҮЙДІҢ АЛДЫНА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ КІРЕБЕРІСІНЕ ЭЛЕКТРЛІ ҚАЙЫРЫЛМАЛЫ ПАНДУС ОРНАТЫЛДЫ.

Күрделі жөндеу жұмыстарына тапсырыс беруші «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің директоры Бауыржан Тоқымбаевтың айтуынша, үйге толықтай күрделі жөндеу маусым айында басталған.

– Құрылыстың жалпы сметалық құны – 8 миллион теңге. Үйдің есігінің алдына пандусты орнатуға күрделі жөндеу жүргізген «Раймбекстройинжиниринг» компаниясы көмектессе, электрлі қайырылмалы пандус орнатуға «Лифтспецстрой» ЖШС демеушілік танытты. Қаладағы терможаңғырту жұмыстары жүріп жатқан үйлердің жағдайына байланысты түрлі жұмыстар жасалды. Атап айтқанда, төбе мен шатырды жөндеу, қасбетті қаптау, кіреберіс бөлікті майлап-сырлау, пластикалық терезелер мен домофон есіктерін орнату, ток желісін ауыстыру, жертөле мен ондағы жылу құбырын және кәріз жүйесін жаңарту. Үйлерді қалпына келтіруге қажетті қаржы республикалық бюджеттен бөлінген, – деді Бауыржан Сүлейменұлы.

 Бүгінде облыс орталығында терможаңғыртуды қажет ететін 120-дан астам көп қабатты үй болса, соның 25-інің салынғанына 40 жыл болған.

А.БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз