Атырауда Президент шыршасына 200 бала қатысты

screenshot 2 7 Жаңалықтар

25 желтоқсан, Н.Балғымбаев атындағы Даму және коммуникациялар орталығында «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» атты дәстүрлі ҚР Президентінің Жаңа жылдық шыршасы өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараға қала және аудандардан келген ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 200 бала қатысты.

rtyjhklm

Арнайы шақыртумен келген балалар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау сөзін тыңдады.

– Балалар! Жаңа жылымыз көп қуаныш әкелсін! Келешекте Отаныңды сүйетін үлкен азамат бол. Білім мен еңбек сені биік белестерге бастайды. Оқуда озат болып, спорт және шығармашылық салаларында зор табысқа жетуіңе тілектеспін. Армандарың орындала берсін,-делінген жазбада.

Сондай-ақ мерекелік жиында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев құттықтау тілегін жолдады.

screenshot 1 14

– Жаңа жылда бәрі ескі жылды қорытындылап, жаңа мақсаттар қояды. Біз де оқушыларымыздың жеткен жетістігімізбен мақтанғымыз келеді. Облыстағы шәкірттер республикалық, әлемдік дәрежедегі пәндік олимпиадаларда, спорттық додаларда, өзге де сайыстарда жүлделі орындарды иеленіп, үлкен белестерді еңсеріп жүр. 2023 жылы да олардың алар асуы көп болады деген сенімдеміз. Білімдеріңізді шыңдап, алға қойған арман-мақсаттарыңызға жетулеріңізге тілектеспіз,-деді Ж.Бисембиев.

Жаңа жылдық шыршада мемлекет басшысы атынан балаларға ақшалай сертификат, ҚР Президентінің құттықтау хаты, ертегі кітаптарын мен тәттілер сыйға берілді.

rytgjhn

Мемлекет басшысының сыйлығын алғандардың қатарында Құрманғазы ауданы Асан ауылдық округі Үштаған ауылынының Құрманғазы жалпы орта мектебінен келген 12 жасар Іңкар Рауан да бар. Ол осындай көңілді шараны ұйымдастырушыларға балалық жүрекпен алғысын айтты.

– Мен бүгін осындай әдемі кештің куәгері болғаныма қуанамын. Біздің құрметімізге орай жоғары деңгейде Жаңа жылдық шырша тойы ұйымдастырылыпты. Оған қоса көптеген сыйлықтар алдым. Көңілімізді көтеріп, қуаныш сыйлаған Мемлекет басшысына, облыс әкіміне алғысымды білдіремін,-деді Іңкәр Рауан.

Жаңа жылдық шыршада балалар Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып, ән айтып, би биледі. Мерекелік шоу-бағдарлама аясында ертегі және мультфильм кейіпкерлері сахналық қойылым қойды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз