Мемлекеттік қызметкер боламын десеңіз…

IMG 20180817 WA0008 Жаңалықтар

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметші атану үшін бірнеше «баспалдықтан» өтуі тиіс. Айталық, алдымен тестілеуден, сонан соң жеке қасиеттерін бағалаудан, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуы қажет. Бұл туралы халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарына арналған семинар-кеңесте белгілі болды.

IMG-20180817-WA0008

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Шолпан Қайненованың айтуынша, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, құқық қорғау қызметіне орналасуға үміткерлерді мемлекеттік тіл мен заңнамаларын білу тестілеуінен азаматтардың өтініші бойынша өткізеді. Оны үміткерлер тестілеуге бір күн қалғанда «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тапсыруы тиіс.

-Содан кейін ол тестілеу бағдарламасын таңдайды. Бүгінгі таңда мемлекеттік әкімшілік бағыттағы тестілеу үш, ал құқық қорғауға төрт бағдарламаны қамтиды. Тағы бір ескере кететін жайт, мамандар азаматтармен іскерлік қарым-қатынас кезінде сыпайылық пен әдептілік танытуға, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге және іскерлік әдепті, ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы тиіс, – дейді Шолпан Айдынғалиқызы.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз