Атырауда қар тазалау жұмыстары жалғасуда

329236465 669281458326533 1913159937725014330 n Жаңалықтар

Атырау қаласында 3 ақпаннан басталған қар бір тәулікке ұласты. Ауа райы 10 градусқа дейін төмендеп, 4 ақпан 15:00 дейін қалада 15-16 см қар түскен, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтарға көктайғаққа қарсы жұмыс күші жұмылдырылып, қар тазаланды.

329209867 730994882025905 424356177903261966 n

-Қар тазалау жұмысына 19 техника, 220 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, үстіңгі өткелдерді және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Таңертеңгі қарбалас уақыттан кейін қарды қаланың сыртына шығарылды. Күні бүгінге дейін 920 шаршы метр қар шығарылып, 38 тонна арнайы реагент себілді. Жұмысшылар бір ауысымда таңғы 7.00-ден кешкілік 22.00-ге дейін тазалық жұмысын жүргізуде,- деді «Арнаулыавтобаза» ЖШС директоры Алмас Ізтелеуов.

329202289 8889543797753920 7760238283302848190 n

«Қазгидромет» РММ Атырау облыстық филиалының бөлім басшысы Айна Казгулованың айтуынаша, ертең яғни 7 ақпан да қалың қар күтілуде.

Айта кетейік, қардың қалың жаууы соңғы рет 2016 жылы болған. Ол уақытта бір тәулікте Атырау қаласында қардың қалыңдығы 34 см, Индер ауданында 58 см болған. Ал өзге аудандарда 34-58 см аралығындағы қалыңдықта жауған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз