Боз кілемде – ауыл бозбалалары

IMG 5065 Жаңалықтар

Atr.kz/19 тамыз, 2019 жыл. Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында  2002-2004 жылы туған ауыл спортшылары арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген спортшы қатысты.

Боз кілем үстінде өткен тартысты бәсекелер нәтижесінде Нұржан Мұхтаров, Талап Жолдасов, Ерсұлтан Ерболатұлы сынды атыраулық палуандар өз салмақтарында  алтын медаль иеленсе, Нұрлыхан Аманғалиевтың қанжығасына – күміс, Алмат Мұхтапаровқа – қола бұйырды.  Осылайша, жалпыкомандалық есепте Атырау облысы – бірінші,  Алматы облысы – екінші, Шығыс Қазақстан облысы  – үшінші  орын иеленді.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

ec6f3184 5982 4c20 bde1 204283a872ee
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз