Мұнай-газ саласына цифрландыру жұмыстары әлі де қажет

img 20240405 wa0245 Жаңалықтар

Атырау қаласында мұнай-газ саласын цифрландыру бойынша «PetroDigital 2024» форумы өтті

Осымен екінші рет ұйымдастырылған форум Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушы компаниялардағы IT ұйымдары өкілдерінің басын біріктіретін платформаға айналды. Жиында Энергетика вице-министрі Бақытжан Ильяс елімізде интернетпен қамту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
Мұнай-газ саласын цифрландыру стратегияларын әзірлеу және жүзеге асыру, инновациялық әдістер мен бағдарламалар әзірлеу және енгізу тиімді. Бұл туралы «Freedom Holding Corp.» атқарушы директоры Тимур Турлов айтып, мұнай-газ саласын цифрландыру және Smart-шешімдер қолдану тәжірибелерін бөлісті.
Форум аясында панельдік секциялар да өтіп, қатысушылар IT саласындағы кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысты.


Толығырақ «Атырау» газетінен оқи аласыздар.
Майра ОРАЗҒАЛИЕВА
Сурет автордікі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз