Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 214 адамға тұрғын үй көмегі көрсетілді

Қала бойынша 2023 жылдың 6 айында 214 адамға 3 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетілді.

«Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің тұрып жатырған тұрғын үй аумағының әлеуметтік нормасы шегіндегі өтініш берілген айдың алдыңғы тоқсандағы коммуналдық қызметтердің түбіртек-шоттары және отбасына кіретін табыстың 5 пайызының айырмасы ретінде белгіленеді.Бұл көмек аз қамтылған отбасыларға тағайындалады», — деді Атырау қалалық әкімдігі.

Өткен жылы 275 отбасыға 11 млн 196 мың теңге көмек берілсе, 2021 жылы 291 отбасыға 12 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетілген болатын.

Айта кетейік, тұрғын үй көмегін алу үшін азаматтар «Электрондық үкімет» порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы өтініш бере алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button