1135

Мемлекеттік хатшы Атырау университетінде болып, «ТШО» ЖШС-де іскер әйелдермен кездесті (ФОТО)

Жаңалықтар Рухани жаңғыру Шаһар шырайы

Бұған дейін де газетімізде жарияланғанындай, Атырауда өткен республикалық «ASAR» үшжақты ынтымақтастық форумына қатысқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен бірге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде болды.

ЕАС 1135

Алдымен аталған жоғары оқу орнындағы әлем тілдері факультетіне маңдай тіреген меймандар университеттің бас корпусында орналасқан ресурстық орталықтың жұмысымен танысты.  Осында студенттер кәсіпкерлік әліппесі мен сервистік қызмет көрсету әліппесін меңгереді.

Одан соң қонақтар осы ғимараттан «Шеврон» корпорациясының және облыс әкімдігінің қолдауымен ашылған «Заңғар» жобасының қызметіне назар аударды. «Атырау қаласы жастарын дамыту» бағыты бойынша төрт жыл мерзімге есептелген бұл жобаға қатысушылар кәсіби тұрғыдан маңызды өмірлік дағдыларды қалыптастыру курсынан өтеді. Сөйтіп, жаратылыстану ғылымдары , жаңа технология, инженерия және математика салаларына маманданып шығалы. Қоғамдық ұйымдармен, білім беру және бизнес мекемелерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізе отырып, «Заңғар» жобасы тұтастай қоғамдастықты жастарды оқыту процесіне жұмылдырады. Нәтижесінде, қазіргі заман талабына сай келетін жергілікті кадрлар әлеуетін арттыруға үлесін қосады.

ЕАС 1035

Жоба жетекшілері мен жаттықтырушылары өткізетін семинар-тренингтерде жастар инженерлік дизайн тәсілдерін қолдану  мен өмірде кездесетін нақты проблемаларды шешу жолдарын үйренеді. Дүние жүзінде іске асырыла бастағанына он жылдан асқан бұл жоба бойынша ұйымдастырылған курстарға күні бүгінге дейін әлемнің елу елінен 185 мың жас тартылған. Мақсатты дәрістерді тыңдап, бекітілген бағдарламаларды толықтай меңгерудің арқасында олар еңбек нарығының академиялық талаптарына сай келетіндей мамандар болып шығады. Мемлекеттік хатшы мен аймақ басшысы жоба жұмысымен егжей-тегжейлі танысып, оң бағасын берді.

ЕАС 1012

Мұнан кейін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған өңірлік орталыққа келген меймандар осында қолға алынған жобаларға көңіл бөлді.

_EAC0050

Келесі кезекте меймандар жақында ғана ашылған Атыраудағы ретро саябақты тамашалады. Осындағы шаһар тұрғындары мен қонақтары тынығып, демалатын орындарды аралап, қолөнер және қылқалам шеберлерінің туындыларымен танысты.

_EAC0084

«Жақсыны –көрмекке» демекші, халықтың игілігі үшін өңірімізде атқарылып жатқан игі істердің бір парасымен танысқан Мемлекеттік хатшы шынайы ризашылығын білдірді.

КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Атырау сапары кезінде Мемлекеттік хатшы, ҚР Президенті жанындағы отбасы, әйелдер ісі, гендерлік және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комияссияның төрайымы  Гүлшара Әбдіхалықова «Теңізшевройл» компаниясының бас кеңсесінде іскер әйелдермен кездесті.

_EAC0657

Нақтысын айтқанда, осында «КАZЕNЕRGY» әйелдер энергнтикалық клубы мүшелерімен және Атырау облысында жұмыс жасап жатқан мұнай компаниялары өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев кіріспе сөзбен ашып, қатысушыларды аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстырды. Әйелдердің қоғамдағы орны мен рөліне тоқталып, форумның жұмысына сәттілік тіледі.

_EAC0422

Сөз кезегі Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықоваға жолданды. – Өздеріңізге мәлім, уақыт алға жылжыған сайын әйелдердің қоғамда алатын орны айқындалып, қай салада болмасын олардың көшбасшылық рөлі көтеріліп келеді. Бүгінде жергілікті атқарушы биліктен бастап, өкілді және орталық органдардағы үлес салмағы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы деңгеймен салыстырғанда айтарлықтай артқан. Соның дәлеліндей, қазірде олар кәсіпорын-мекемелерде ғана емес, әкімліктерде, мәслихаттар мен Парламентте, Үкіметте және Президент аппаратында өздерінің лайықты орнын иеленуде. Қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік ұйымдарға жетекшілік етіп, басшылық жұмыстарда жүргендері қаншама? Сөйте тұра, әйелдер отбасы мен қоғамдағы өздеріне жүктелген міндеттерін де абыроймен атқаруда. Мына жиынға қатысып отырған сіздер де солардың санатындасыздар. Осы шара да өздеріңіздің мұрындық болуларыңыздың арқасында ұйымдастырылып отырғаны кәміл. Алдағы белесте Елбасы жанындағы ұлттық комиссияның құрылғанына  20 жыл толғалы отыр. Осынау уақыт бедерінде сіздердің қолдауларыңызбен қаншама жарқын істер жүзеге асып, ел игілігіне бағытталған игі бастамалар көтерілді. Бүгінгі отырыс та соның бір көрінісі болса керек. Өмірлеріңізге сәттілік, жұмыстарыңызға табыс тілеймін, – деді Гүлшара Наушақызы.

_EAC0692

Бұдан соңғы құттықтау  «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тэд Этчисон еншіледі.  Ол да жылы лебізін білдіріп, компаниядағы өзімен қатар жауапты қызметтерді атқарып жүрген әріптестерінің есімдерін мақтанышпен айтты. Мұнан кейін сөз сөйлеген энергетикалық клубтың төрайымы Айзада Аққайсиева, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова, «Теңізшевройл» компаниясының адами ресурстар жөніндегі бас менеджері Шолпан Алтыбаева, «НКОК Н.В.» компаниясының үйлестірушісі Назым Мусағалиева өз кәсіпорындарындағы әйелдер клубтарының жұмыстары жайлы әңгімеледі.

Даулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған