Атырауда 100-ден астам бала жоғалып кетті

233737 1395347857 Қоғам

Атырауда 15 мың тұрғын жиналған концертте 120-ға жуық бала жоғалу дерегі тіркелді.

Атырауда ірі мұнай компаниясының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген эстрада жұлдыздарының гала-концертіне 15 мыңнан астам көрермен жиналды. Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қамтамыз ету мақсатында қызмет етті. Сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге бала жоғалды деген дерекпен 120-ға жуық арыз түсті. Барлық балалар 15 минут пен 1 сағат аралығында табылып, аман-сау ата-анадарына табысталды.

– концерт барысында жоғалған 6 баланың ата-аналарының ұялы телефоны өшіп тұруына байланысты полиция қызметкерлері мекен-жайы бойынша балаларды үйлеріне жеткізді – деді, Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ануар Кокалов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз