Жарнама
Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: «ҚАЗАҚСТАН ШИКІЗАТТЫҚ ЕЛДЕН ӨҢДЕУШІ ЕЛГЕ АЙНАЛУЫ ҚАЖЕТ»

 

Атап айтар болсақ, олар — «Брандо» ЖШС-інің бір рет пайдаланатын шприцтер шығаратын зауыты, «Биас ТЭК» ЖШС-інің құрғақ қоспаларын шығаратын зауыты, «КазтурбоРемонт» ЖШС-інің газтурбиналық қондырғылар мен жабдықтарды жөндеу және сервистік қызмет көсету зауыты, «Констракшн KZ» ЖШС-інің тұрғын үй құрылысы үшін жеңілдетілген панельдер шығаратын зауытын атап өтуге болады.

Биылғы жобаларға тоқталсақ, 247 адамды жұмыспен қамтитын 3,9 млрд.теңгені құрайтын негізгі бес жобаны іске қосу жоспарлануда. Ол қандай жобалар? Біріншіден, «Атырау Сауда» ЖШС-інің құс фабрикасы кеңейтілмек. Екіншіден, осындай тағы бір «Алмалы Құс» ЖШС-іне қарасты құс фабрикасының құрылысы қолға алынады. Үшіншіден, «Бірінші мамыр» ЖШС-інің сүт өңдеу және қышқыл-сүт өнімдерінің өндірісі кешенінің қуатын кеңейту көзделіп отыр. Төртіншіден, «Кемикал Солюшнс» мекемесінің химиялық реагенттер шығарушы зауытына құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бесіншіден, «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС-інің оптикалық кабель зауытының құрылысы басталады.

***

2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «…2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына ену» мақсаты қойылған. Қазақстанның бәсекелестігін арттыру үшін ең тиімді механизм ұлттық кластерлерді құру және дамыту болып табылады» делінген. ҚР Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығымен Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары аумағында Ұлттық кластерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетілетіндігі қарастырылады. Атырау облысында Ұлттық кластер – геологиялық барлау, өндіру технологиясы, мұнайды өңдеу және мұнай-газ химиясы, мұнай-газ саласында машина жасау, мұнай саласы үшін көрсетілетін сервистік қызметтер бойынша жүргізіледі. Осы мақсатта облыстық әкімдік, ғылыми-зерттеу институты, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймақ басқару компаниясы» Акционерлік қоғамы, жоғары оқу орындарының өкілдерінен бастамашыл-үйлестіруші топ құрылды.

Атырау облысы бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2015 жылы нысаналы трансферт бойынша жалпы сомасы 1 054,9 млн.теңгені құрайтын қаражат бөлінді. Оның ішінде, несиелер бойынша, сыйақы мөлшерін субсидиялау бойынша: бөлінген 998,9 млн.теңгеден 499,5 млн.теңге қаражат игерілді (50%). 2015 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ӨҮК-мен несие сомасы 1,8 млрд.теңгені құрайтын 30 жоба мақұлданды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 жобаға артық. Аталған бағдарламаға қатысу, облыс кәсіпкерлеріне 275 жаңа жұмыс орнын ашумен, әр түрлі саладағы шағын және орта бизнес нысандарын іске қосуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта кәсіпкерлерден қосымша өтінімдер түсуде.

Несиелерді ішінара кепілдендіру бойынша 2015 жылға 46,0 млн.теңге бөлінді, оның 23,0 млн. теңгесі игерілді. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жалпы кепілдендіру сомасы 281,2 млн. теңге құрайтын 30 жоба мақұлданды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19 жобаға көп. Ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсыну жөнінде жоспарланған қаражат 10 млн. теңгені құрады, оның да 30 пайызы игерілген.

Лариса Жұмағалиева,

облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық 

 

даму басқармасының басшысы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button