Жарнама
ЖаңалықтарИнфрақұрылым

Мемлекет басшысы инженерлік-коммуникациялық жүйелер мәселесіне ерекше назар аударды 

Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үлкен сұхбаты жарияланды. Онда Президент ішкі және сыртқы саясат, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, атом электр станциясының құрылысы туралы сұрақтарға жауап берді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инженерлік-коммуникациялық жүйелер мәселелеріне ерекше назар аударылады.

«Бүкіл Қазақстандағы инженерлік инфрақұрылымды толық жаңғырту – өте ауқымды әрі күрделі міндет. Бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатыр» – деп коммуналдық салаға салынған инвестиция жылдар бойы қажеттіліктерге сәйкес келмейтінін атап өтті Мемлекет басшысы. 

Президент туындаған асқынуларға ден қоя отырып, жылумен қамту мәселесін ерекше бақылауда ұстап отыр.

Осыған байланысты тиісті органдар мен ұйымдарға ең төменгі және ең жоғары міндеттер жүктелді: үйлерге жылу берудегі ауыр апаттар мен үзілістердің алдын алу; сондай-ақ жаңа қуаттарды енгізу, желілерді жүйелі түрде жаңарту және бүкіл коммуналдық секторды жаңғырту. Болашақта Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктерден осы бағыттағы шешуші қадамдарды күтеді. Расында, мұндай қадамдар қажет. Ең алдымен, жүйелі шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін энергетика саласының Даму стратегиясын әзірлеу қажет. 

Мемлекет басшысы атом электр стансасын салу сынды маңызды мәселе бойынша да өз ұстанымын білдірді.

«Бұл бастаманың мән-маңызын ескере отырып, АЭС құры­лысына қатысты мәселені жалпы­халық­тық референдумға шығаруды ұсын­дым. Халқымыз үшін аса маңыз­ды осындай шешімдердің референдум арқылы ғана қабылданатыны 2019 жыл­ғы сайлау алдындағы бағ­дар­ла­мамда нақты көрсетілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Әділетті Қазақстан қағидаттарының іс жүзінде орындалуы дегеніміз – осы. Болашақта әлі талай қоғамдық талқылау өткізіледі. Азаматтар референдумда дауыс берген кезде АЭС салуды жақтаған немесе қарсы болған сарапшылардың дәйекті пікірлерін барынша таразылап, ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдауға тиіс. АЭС саламыз ба, салмаймыз ба – мұны халық шешеді» – деп атап айтты Мемлекет басшысы.

Біздің еліміз үшін энергетикалық қуаттардың тозғанын және атом энергетикалық әлеуетінің барын ескере отырып, атом электр станцияларын салу қажетті шара деп есептеймін.

Дүйсенбай Тұрғанов,

Мәжіліс депутаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button