![Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27 адамға жетті 1 photo 312325](https://atr.kz/wp-content/uploads/2020/03/photo_312325.jpeg)
Жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27 адамға жетті
Atr.kz/17 наурыз, 2020 жыл. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
«Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында тағы 14 адамның аталмыш вирусты жұқтырғаны белгілі болды. Пациенттер карантин жағдайында және олардың диагнозы толықтай нақтыланды. Және науқастармен қарым-қатынас жасаған адамдардың барлығы изоляцияланды» деп нақтылады ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Еске сала кетелік, кешегі күннен бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА