Мемлекет басшысы «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысуда

20190411220020 Жаңалықтар

Atr.kz/19 маусым, 2019 жыл. ҚР Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында өтіп жатқан «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев сарбаздарға жалынды тілегін арнады.  «Отанымыз – Мәңгілік елдің беделін арттыра беру – Сендерге артылған зор үміт. Сондықтан, жастарымыз ұлттық құндылықтарымызға адал болып, Қазақстанның жетістіктерін еселей береді деп мен кәміл сенемін», – деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының сөзінше, жақсы дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз