Үгіт тобы байланысшылармен кездесті

screenshot 4 4 Жаңалықтар

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым – Жомарт Тоқаевтың сенімді тұлғалары Атырау облыстық коммуникациялар дирекциясы – «Қазақтелеком» АҚ филиалында болып, ұжыммен кездесті.
Іс-шара барысында үгіт-насихат тобының мүшелері үміткердің сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, қатысушыларға үгіт-насихат парақшаларын таратты. «Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде және ол жалғасуы тиіс. Қасым – Жомарт Кемелұлын алдағы сайлауда қолдай отырып, жаңа Қазақстанды құруда лайықты үлес қосатынымызға сенімдіміз», – деп атап өтті топ мүшелері.

Өз кезегінде «Қазақтелеком» өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілеріне қолдау білдіріп, өздерінің азаматтық ұстанымын танытып, алдағы сайлауға белсенді қатысуға уәде берді.
Айта кетейік, үгіт – насихат науқаны облыста ағымдағы жылдың 21 қазанынан басталған болатын.
Рита ӨТЕУҒАЛИ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз