БілімЖаңалықтар
Мектепке жылыжай сыйлады
«Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық фракциясының мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Әлібек Семғалиев №23 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектепке жылыжай тарту етті.
Бұрын-соңды мектептер жанынан жылыжай салынбағаны белгілі. Депутат мұндай қадамға өскелең ұрпақты еңбекқорлыққа баулу мақсатында барғанын айтады.
– Аталған мектеп басшылығы жылыжай жобасы туралы ұсыныс жасағанда бірден қолдап, қажетті коммуникация жүйесі жүргізілген жылыжайды оқушылар игілігіне тапсырдым. Ең бастысы – балалар қуанып жүр. «Фитодизайн» үйірмесіне қатысып жүрген оқушылар алғашқы өсімдіктерін егіп те үлгеріпті. Алдағы наурыз айында жылыжай ішін жасыл желекке бөлейтіндерін айтты, — дейді халық қалаулысы.
Мәлике ҚУАНЫШЕВА