Жарнама
Жаңалықтар

Астанада Атырау облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Елордада 9-10 қыркүйек аралығында Атырау облысының ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді. 

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, жәрмеңкеде ет және сүт өнімдерінің 17, балық және балық өнімдерінің 48, бау-бақша өнімдерінің 12 түрі, барлығы 72 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылады. Жәрмеңке Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекен-жайында, Қазақ Ұлттық өнер университетінің аумағында өтеді.

Айта кетейік, өткен жылы жәрмеңкеге Атырау облысынан  110 тонна ауыл шаруашылығы өнімі, оның ішінде 44 тонна балық қойылған болатын.

Нұргүл Ысмағұлова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button