Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Медициналық сақтандыру: ӨЗГЕРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?

Аtr.kz/28 сәуір, 2020 жыл. Төтенше жағдайға байланысты қазақстандықтар 1 қазанға дейін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің төлемінен босатылды. Бұл өзгерістің тиімділігі неде? Жарна төлемінен босатылған азаматтар үшін медициналық қызметтер қалай көрсетіледі? Осы және өзге де сауалдарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит ҚҰРАЛБЕК жауап берді.

Бұрын 1406 байланыс-орталығына тәулігіне екі мың қоңырау шалынса, төтенше жағдайға байланысты мұның саны күрт өсті. Қазір орталық тәулігіне 9 мыңға дейін өтінішті қабылдауда. Осынша қоңырауларға қызмет көрсету операторларға қиындық тудырып отыр.

– Осы орайда өтініштер легіне үлгеру үшін қор басшылығы байланыс-орталығы жұмысына орталық аппарат пен филиалдардың қызметкерлерін қосуға шешім қабылдады. Әрекет етуші операторлар штатынан бөлек, жедел желі жұмысына бас кеңсенің әртүрлі департаментінен 50 шақты және өңірлерден 100-ге жуық маман қосылды. Сонымен қатар, емдеу сұрақтары бойынша кеңестер беретін білікті дәрігерлер пульті жасақталды. Бұл өте ұтымды шешім болды. Бірлесіп күш салудың нәтижесінде жұмыс жүйелі жүруде, — деп атап өтті Сәбит Құралбек.

Былтыр қыркүйектен бастап іске қосылған бірыңғай байланысорталығына бүгінге дейін 60 мыңнан аса қоңырау түсті. Тек наурызда тіркелген қоңыраудың саны 120 мың болды. Ал, сәуірдің алғашқы онкүндігінде 60 мыңдай қоңырауға қызмет көрсетілді.

«Қазір сall-орталықта бір кезекшілікте алты сағаттан 180нен аса адам үш ауысымда қызмет етеді. Қоңыраулар еліміздің барлық өңірлерінен үздіксіз соғылады. Алпыс мың қоңырау – бұл тек желіде тіркелгендері ғана екендігін түсіну керек. Егер қоңыраулар тек кеңес беруді ғана қажет ететін сипатта болса, біраз өтінішті базаға енгізіп те үлгере алмай қаламыз» деді қор операторларының бірі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы филиалында да бүгінде қарбалас тірлік. Өйткені, қазіргі жағдайда филиалдың мониторинг және тұрғындарды ақпараттандыру бөлімдерінің қызметкерлері 1406 байланыс-орталығы операторларының қызметін қоса атқаруда. Қауіпті індетке, медициналық сақтандыруға, көрсетілген қызметке байланысты, жарна бойынша түсініксіз сауалдарға осы жедел желі тәулік бойы қызмет іп жауап беріп отыр.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button