ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда жанар-жағармай қоры жеткілікті ме?

Аtr.kz/28 сәуір, 2020 жыл. Төтенше жағдай кезеңінде облысымыздағы жанармай бекеттеріндегі отынның қоры жеткілікті. Өңірімізде АИ-92 маркалы жанармай және дизельдік отын түрлеріне шектеу бағалар қойылмайды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының б а с ш ы с ы Б а у ы р ж а н Тұхфатовтың айтуынша, бүгінгі күні аймағымызды ішкі нарық арқылы жанар-жағармай өнімдерімен қамтамасыз ететін 22 кәсіпорын жұмыс істейді. Осы операторлық мекемелердің 109 жанармай бекеті қазіргідей кезеңде облыс тұрғындарына тыңғылықты қызмет көрсетуде. Оның 59-ы – Атырау қаласында болса, 50-і аудан аумақтарында орналасқан.

Өңірімізді жанаржағармаймен қамтамасыз ету қажеттілігі АИ-92 жанармайына – 13 мың тонна, ал, дизель отынына 12 мың тоннаны құрайды. –Елдегі қалыптасқан жағдайға қарамастан, облысымыздағы жанаржағармайдың бағалары тұрақты, қоры жеткілікті. Соның ішінде АИ-92 жанармайының бағасы 147,5 теңге болса, қорда оның 6245 тоннасы сақталған. Сондайақ, АИ-95 бағасы –168,1 теңге, қорда – 2 676 тонна, дизель отыны – 190 теңге, қорда – 4998 тонна, дизельдік отын (қысқы түрі) – 295 теңге, қорда – 300 тонна мөлшерінде бар. Бұл отындар орта есеппен 1820 күнге жетеді. Қажет болған жағдайда қорлар уақытылы толықтырылады, — деді Бауыржан Тұхфатов.

Облысымыз бойынша сұйытылған мұнай-газын көтерме саудада өткізу «Сұйытылған мұнай-газ сақтау қоймасы», «ЖылыойГазСервис» және «Алпамыс-Атырау» ЖШС-тері тәрізді үш акредиттелген газ желісі ұйымы арқылы жүзеге асырылады. Өңірімізде ішкі нарықты сұйытылған мұнайгазбен қамтамасыз ететін 22
газ таратушы мекеме жұмыс жасайды. Осыларға тиесілі 93 газ құю бекеті бар. Оның 47-і қалада, 46-ы – аудандарда. Энергетика министрлігінің ай сайынғы бекітілген кеңес хаттамасына сәйкес, облыстың ішкі нарығына 4200 тонна газ бөлініп отырады. Биылғы 3 сәуірден бастап Энергетика министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің бірлескен бұйрығына сәйкес, Атырау облысы бойынша газдың шекті тарату бағасы 53 теңге болып бекітілді.

Осыған орай, қазіргі күні Атырау қаласында және аудандардағы автогаз құю стансаларында газ бағасы 50-53 теңге аралығында сатылуда. Осы шектік бағаны өсіру фактілері тіркелген жағдайда, заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Бүгінде Атырау облысында сұйытылған газбен жүретін көліктердің саны арта түсуде. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, арзан отынға көшкендердің саны 2017 жылы – 9307 бірлік
болса, 2018 жылы 10 402 бірлікті құраған. Ал, былтыр бұл көрсеткіш 13 456-ға өскен.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button