Президент қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады (+ФОТО)

2203211251207903g Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының «Астана» алаңындағы мерекелік іс-шараға қатысып, барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы бұл мейрам ежелден жақсылық пен жасампаздықты дәріптейтін ұлық мереке екенін атап өтті.

«Күн мен түн теңеліп, күллі табиғат қайта жаңаратын әз Наурызды қарсы алуға бабаларымыз ерекше мән берген. Жыл басын – Ұлыстың ұлы күні деп ардақтаған. Әз Наурыз – береке-бірліктің, шынайы жанашырлықтың және өзара қамқорлықтың мейрамы. Мен бүгін Ұлыс күнін өздеріңізбен бірге қарсы алу үшін Алматыға арнайы келіп отырмын. Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Халқымызға қайта оралған Ұлыс тойын мерекелеу осы қастерлі мекеннен басталды. Алматы – қазақ елінің рухани, мәдени және іскерлік орталығы. Зиялы қауымның, өнер, білім, ғылым, бизнес саласының өкілдері осында шоғырланған», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын алдағы ауқымды міндеттерді бірлесе іске асыруға шақырды.

«Бір ел, бір халық болып, жаңа Қазақстанды бірге құрайық. Алдымызда тұрған ауқымды міндеттер бар, көп жұмыс бар. Сондықтан бәріміз бірге бір ел болып, осы міндетті атқарайық. Құрметті жастар, бірге болайық, бірге жұмыла еңбек етейік! Тұғыры мығым, бірлігі бекем еліміз жасай берсін! Қазақстанымыз жасай берсін, мәңгі болсын! Әз Наурыз құтты болсын! Баршаңызға аманшылық тілеймін!» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

inform.kz

220321125716233e
2203211251358492g
2203211251483472g
2203211251546904g
2203211251077832g
2203211251251533g
2203211251407623g
2203211251306066g
2203211250581678g
2203211251462757g
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз