Жарнама
Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров атыраулық оқушылармен кездесті

Бүгін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, ережесіз жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ардақ Назаров Әл-Фараби атындағы BINOM-SCHOOL мектеп-лицейінде жоғары сынып оқушыларымен кездесті. «Елім деген ер болмаса…» деп аталған кездесуге 300-ге тарта оқушы қатысты.

Ардақ Құттықожаұлы өмір жолы мен жетістіктерін мысалға ала отырып, жастарды теріс идеологиядан сақтандырып, өз елін сүю, өз мақсаттарына жету жолында табандылық танытуға шақырды. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, патриотизм мен жауапкершілікті қалыптастыру, сапалы білім алудың және саналы қоғам құруға ұмтылудың маңыздылығын түсіндірді.

– Біз қазіргі кезде елімізді білекпен ғана емес, ақылмен қорғай аламыз. Бұл ел бізге ата-бабаларымыздан қалған аманат. Әсіресе ер балалар елдің тұтқасы бола білу керек. Ол үшін ата-анасын, бауырларын сыйлап білуі қажет, — деді мәжіліс депутаты.

Кездесу барысында Ардақ Құттықожаұлы бір топ оқушыны жинап, кеудені жерден көтеру жаттығуын жасатып, ішінен алғашқы үздік үштікті анықтап, оларға ақшалай сыйлық тарту етті. Жиын соңында мәжіліс депутаты ортақ суретке түсіп, оқушылармен қоштасты.

Алмас ҚАБДОЛОВ
Суреттер автордікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button