Атырауда NCOC қызметкерінен коронавирус табылды

200615183053649a3661997i COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/17 маусым, 2020 жыл. Аталған компанияның «Вест Ойл» базасындағы қызметкерлерінің бірі қауіпті індетті жұқтырған.

«NCOC аутсорсинг нысандарының бірінде жұмыс істейтін компания қызметкерінен COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсеткенін растаймыз. Бұл нысан өндірістік алаңдар мен компания кеңселерінен қашықта орналасқан. Қызметкер хаттамаға сәйкес оқшауланды. Жақын байланыста болған адамдардың барлығы дереу анықталды. Олардың барлығы ПТР сынамасынан өтеді. Бұл қызметкер өндірістік немесе кеңсе қызметкерлерімен байланыста болмаған. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау қалалық әкімдігінің қызметкері коронавирус жұқтырды.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз