Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық

Маңдайшаларды орысша жазғанды жөн санайтын кәсіпкерлер көп…

Атырау қаласындағы кәсіпкерлік нысандарында жарнама мен ескертпе жазулар түгелге жуық орыс тілінде жазылған. Бұл – заңға қайшы, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

Алайда, кәсіпкерлер мұны заңды бұзу деп қабылдамайды. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының өткен аптадағы арнайы тексеруі кезінде осындай заңсыздықтар анықталды.

Шынында да, кез-келген сауда орталықтарындағы мұндай өрескелдіктен көз сүрінеді. Орысша жазғаны былай тұрсын, кей жерлерде ағылшын тілінде жазулы тұр. Мұның тiл туралы заңнамаға қайшы екенін түсіндіріп, біраз нысанды басқарма өкілдерімен бірге «Сәтті жарнама – үздік маңдайша» қоғамдық акциясының аясында араладық. 1997 жылғы 11 шілдеде қ а б ы л д а н ғ а н « Қ а з а қ с т а н Республикасындағы тіл туралы» №151 Заңда «көрнекіліктер мен жарнама жазулардың қазақ және орыс тілдерінде қатар жазылуы, қазақ тіліндегі көрнекіліктің сол жағына немесе жоғары жағына, орыс тіліндегі жарнаманың оң жағына немесе төменгі жағына орналасуы тиістігі» тайға таңба басқандай көрсетілген.

Заңға сүйенсек, маңдайшадан бастап, сөредегі кәмпиттің жазуы не нұсқаулығына дейін екі тілде болуы шарт. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнамалар да дәл сондай тәртіпте орналасуы тиіс. Алайда, Азаттық көшесіндегі «ЯRмарка Retail» бөлшек сауда супермаркетінің кіреберісінен бастап, қолданыстағы заңнаманың өрескел бұзылғанын аңғардық. Облыс аумағында 11 желілік нысаны бар супермаркет әкімшілігі «Өзіңе қарай» деген сөзді өгейсініп, кіреберіс есікке «На себя» деп жазып қойған. Жанындағы қосалқы есіктің ашылмайтынын да орысша ескертіпті. Қосалқы есіктегі темекі шеккенге 10 000 теңге айыппұл салынатынын орыс тілінде бадырайтып жазған супермаркет қожайыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылатынын білмесе керек.

  • – Көрнекі ақпарат – саяси құрал. Тауар бағасы, жеделсатыдағы көтерілу, кіріп-шығуды ескертетін сөздер міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде берілуі керек. Қазір республикада кәсіпкерлерді қолдау үшін барлық жағдай жасалған, қағажу көріп жатқаны жоқ. Латын әліпбиіне көшкенде де кәсіпкерлер бұл заңдылықтан құтылмайды. Өйткені, қазір әлемдегі 200-ге тарта мемлекеттің небәрі 4 пайызы ғана кирилл әліппесін қолданады екен. Демек, латын әріпіне көшу – заман талабы, — деді облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастика және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Дияшева.

А к ц и я б а р ы с ы н д а байқағанымыз – арнайы келетін ж ап с ы рм а қ а ғ а зд а р ы м е н т ау а р қоятын құрылғыларда ( п а л лет) қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Әйтсе де, ірі сауда орындары өздерінің жапсырма қағаздарын тек орыс тілінде шығарыпты.

  • – Б а рл ы қ к ә с і п ке рл е р қолданыстағы заңды құрметтеуі тиіс. Егер олар заңсыздыққа жол берсе, кәсіпкерлер палатасы көмек бере алмайды, — дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Амангелді Иманов.

Аталған супермаркеттің «Авангард» шағынауданындағы ғимаратында да дәл осындай кемшіліктер қайталанған. Түсіндіру тобының мүшелері кемшіліктерді дереу түзетуді ескертті. Айталық, өнім атаулары мен с а л м а ғ ы ту р а л ы нұсқаулықтар тек қана орыс тілінде. Супермаркет әкімшісінен тоңазытқышта сақталған түрлі салаттардың төбесіне қадаулы «Вкусно с ЯRмарка» деген сөздің мағынасын сұрағанда, аудармасы түгілі, бір тілде жазылуының себебін айта алмай, басшысының іссапарға кеткенін айтып қана ақталды. Піспенанның (печенье) сыртындағы үлдір қаптамада «Спасибо за покупку! Ждем вас снова!» деген жазуды «Сауда жасағаныңызға рахмет! Сізді тағы да күтеміз!» деп қазақшалай салса да болар еді. Амал не?! А я қ б а с қ а н с а й ы н бейнебақылау орнатылған атшаптырым ғимараттың ішінде қазақ тіліне орын жоғы байқалды. Тек кісі көзі түспейтін қуысқалтарыстан бірді-екілі қазақша сөзге көзіміз түсіп, көңіл жұбатуға тура келді.

Ө ң і р і н е « И м а н г а л и е в Нурдаулет» деген жазуы бар бейдж таққан жігіт тұтынушылармен әуелі қазақша, сосын орысша сөйлесетінін айтты. Онысына аса қысыла қоймаған сатушының өңіріндегі «продавец» сөзінің қасына «сатушы» деген әп-әсем сөздің де артық етпейтіндігі ескертілді.

  • – Нұсқаулықтарды қазақша жазу және оны көбейту жөнінде бірнеше ескертпе жасалды. Оны тез арада жасаймыз деп айта алмаймын. Бәрін де өзіме түртіп алдым. Енді маркетологтарға ұсыныс жасап, мүмкіндігімізше қателікті түзетуге тырысамыз, — деді операциялық офистің директоры Ұлжан Сағидоллақызы.

Айтпақшы, «ЯRмарка Retail» супермаркетінің кеңсесіндегі түзету енгізуге жауапты маркетинг және жарнама бөлімінің есігінен де қазақша жазу көрмедік. Супермаркеттің ғаламтордағы yarmarket.kz дербес сайтын да қарағанбыз, «kz» доменін ғана таныдық. Тілдің тағдырына кәсіпкерлер осылай қарайды екен. Қазақтың тілін қазақтың дәріптеуіне не кедергі?

Алмас ҚАБДОЛОВ 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button