Белгілі журналист Қуат Әуесбай жаңа қызметке тағайындалды

IMG 6588 Жаңалықтар

Бұған дейін «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарып келген Қуат Әуесбай «Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің редакциясы» ЖШС директоры-бас редакторы болып тағайындалды.

IMG_6588

Еңбек жолын «Ана тілі» газетінің тілшісі болып бастаған Қуат Әуесбай әр жылдары «Қазақстан-Заман» газетінің тілшісі, «Айқын» республикалық газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі МемжерҒӨО «Баспа және редакциялау» бөлімінің меңгерушісі – «Қазақстан жер ресурстары» журналының бас редакторы, «Ақ желкен» республикалық журналы бас редакторының орынбасары, «Халық сөзі» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.

Кейінгі жылдары ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығында, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Жұртшылықпен байланыс бөлімінің меңгерушісі, Еуразиялық Топ ЖШС Сыртқы корпоративтік коммуникациялар бөлімінің сарапшысы қызметтерін атқарып келді.

Ал жаңа қызметке дейін «Атырау-Ақпарат» серіктестігі директорының орынбасары лауазымында болған еді.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз