Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Малайзияның Премьер-министрі ЭКСПО-2017 көрмесіне келмекші

Бүгін ЭКСПО ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Малайзия ұлттық секциясының комиссары Доктор Зайни Бин Уджангамен кездесті.

фото Малайзия

Кездесу барысында ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысын, техникалық мәселелер талқыланды. Ұлттық компания басшысы, бүгінгі таңда, халықаралық, тақырыптық павильондарының құрылысы аяқталып, көрме қатысушыларына павильондарды табыстау әрі оларды мазмұндық толтыру процестерінің белсенді жүргізіліп жатқандығын айтты.

Өз кезегінде Доктор Зайни Бин Уджанг ұсынылған павильон және осындай деңгейдегі халықаралық шараға қатысу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.

«Біздің қатысуымыз тек ұлттық павильон төңірігенде ғана болмаса дейміз. ЭКСПО-201у аясында үш мыңнан астам мәдени, тақырыптық іс-шаралар өткізіледі. Біздің секциямыздың мақсаты – баламалы энергия көздерін пайдалану бойынша көрме аясында ұйымдастырылатын конференция, дөңгелек үстел, форумдар жұмысына қатысу», — деді малазиялық павильон комиссары.

Сондай-ақ, Бин Уджанг мырза ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілу кезеңінде Қазақстанның астанасына Малайзия премьер-министрі Набжиб Тун Разак келетіндігін жеткізді.

Кездесу соңында Ахметжан Есімов ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы барысында малазиялықтарға барынша қолдау білдіретіндігін айтты. Содан кейін Малайзия ұлттық павильонының табысталуы жөнінде құжаттарға қол қойылды.

Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым растады.

«Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

Қосымша ақпарат үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  Қоғаммен байаныс департаментіне хабарласыңыз.: тел.: +7(7172) 938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button