Ойылда бір отбасы пеш иісінен уланып, 68 жастағы әйел адам қаза тапты

1 26 Жаңалықтар

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Ойыл селолық округінде бір отбасы пеш иісінен уланып, 68 жастағы әйел адам қаза тапқан. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Оқыс оқиға 10 қаңтар күні, сағат 10:00-де болған. Жеке тұрғын үйлердің бірінде пештің ақауы салдарынан тұншықтырғыш газ тарап, 2 адам уланып қалған. Салдарынан, 1949 жылы туған әйел адам көз жұмды. Ал, 1978 жылы туған азамат Миялы селосындағы аудандық ауруханаға жеткізілген.

Айдос Қарабала

Фото topor.od.ua сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз