Атыраулық тұрғын бағалық балықпен және қара уылдырықпен ұсталды

20190520005404 Жаңалықтар

Atr.kz/20 мамыр, 2019 жыл. Атырауда «Бекіре-2019» жедел-алдын алу шарасы барысында қала тұрғыны қара уылдырықпен және бекіре тұқымдас балықпен ұсталды.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мамырдың 18-інен 19-ына қараған түні «Печной» бекетінде құрамында сержант Саят Бейсенов, қатардағы жауынгер Бауыржан Багберанов бар топ полиция қызметкерлерімен бірге қара түсті «Тойота Камри 50» автокөлігін тоқтатты.

Автокөлік салонын қараған кезде қара уылдырық салынған 500 грамдық екі пластикалық банкі, шортанның уылдырығы салынған 4 банкі, 4 кг бекіре тұқымдас балық және ысталған 1,5 кг бекіре тұқымдас балық табылды. Жүрізуші полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі кезде Атырау Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз