ЖаңалықтарМәдениет
Мақаттық өнерпаздар Түркияға жолдама алды
Atr.kz/8 сәуір, 2019 жыл. Нұр-Сұлтан қаласында XIII «Ақ көгершін» Халықаралық фестивалі өтіп, сайысқа Р.Ғабдиев атындағы Доссор балалар өнер мектебінің оқушылары қатысты.
Екі күнге созылған байқауда Айгүл Дүйсенғалиеваның жетекшілік ететін «Шалқыма» фольклорлық ансамблі және жеке орындауда Ерасыл Мағзом гран-приге ие болып, Түркия еліне жолдама алды.
Жеке орындаудан домбыра аспабы бойынша Азамат Қуанышұлы I, Дильназ Тұрлан II, Ақерке Мағзомова III алса, қобыз аспабы бойынша Темірлан Тельман I орын алып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Осылайша, Шолпан Жылқышиева, Айгүл Дүйсенғалиева, Нұржан, Сақуатов, Гаухар Казиxанова сынды ұстаздарының мерейі үстем болып, өнерлі өрендер жеңіс тұғырынан табылды.