Әсеттің алғашқы жеңісі

сетт¦ ал аш ы же ¦с¦ Жаңалықтар

Жуырда Ақтөбе қаласында грек-рим күресінен спорт ардагері Қажығали Әбітовты еске алуға арналған 2003-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында ІІ республикалық турнир өтті. 47 келі салмақта сынға түскен атыраулық Әсет Сүлеймен осы турнирде қола жүлдегер атанды.

__сетт¦__ ал__аш__ы же__¦с¦

Спорттық додаға Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола, Оңтүстік, Батыс Қазақстан және Ресейдің Орынбор облыстарынан барлығы 14 команда қатысты.

Әсет – 5-сынып оқушысы. Ана тілімен қоса ағылшын, орыс, араб тілдерін де жетік меңгерген. Қазақ әдебиеті мен тарих пәнін сүйіп оқиды. Оқумен қатар, спортты жанына серік еткен жас өреннің болашағынан жаттықтырушылары Ербол Тілепов пен Бекболат Баймұратовтар үлкен үміт күтеді.

Абай Ақмұрзиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз