«Е – өтініш»: Атырауда азаматтар өтініші онлайн платформа арқылы қаралуда

4d3b8997cabca8626c8538419a4c4757 Жаңалықтар

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді. Өтініштер «Е-Өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркеліп, жаңа форматта қаралуда.

Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан 2021 жылдың 7 айында – 21 304, 2020 жылдың салыстырмалы кезеңінде  – 20 051 өтініш  түскен, 6,2 %-ға өсім байқалады.

Өтініштердің артуы негізінен жұмыспен қамту, білім беру және денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек көрсету, карантин режиміндегі кәсіпкерлік қызметке қатысты рұқсат беру және т.б. мәселелермен байланысты.

Облыс тұрғындарымен көтерілетін өзекті мәселелер негізінен жерді пайдалану – 9 837, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы – 3017, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау – 2343, білім беру – 1311, денсаулық сақтау- 626 салалары бойынша қалыптасып отыр.

Есепті кезеңде облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен   276 қабылдау ұйымдастырылып, 1406 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 295 азаматтың мәселесі оң шешіліп, 1111 азаматқа заңға сәйкес түсінік берілді.

Облыс әкімдігі басшылығымен барлығы 223 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 83 азаматқа облыс әкімінің жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдау нәтижесімен 19 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 204 азаматқа қабылдау үстінде заңға сәйкес түсінік берілді.

Қазіргі пандемия кезінде жеке қабылдаулар тиісті қауіпсіздік шаралары алына отырып, онлайн-қабылдау форматында ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт–кеңсесі арқылы 831 азамат өтініш білдірді. Олардың:  тұрғын үй – 254, денсаулық – 129, әлеуметтік көмек – 36, білім – 67, жұмыспен қамту – 93,  жерді пайдалану- 51, жол салу – 8, кәсіпкерлік – 25, құрылыс – 16,  ономастика – 7, ауыл шаруашылығы – 11, қаржы -7, тағы да басқа мәселелер бойынша – 127. Барлығына заң шеңберінде түсініктер берілді.

Фронт-кеңсеге келген азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жасақталған меморандум аясында заңгерлік консультациялар мен психологиялық, медиаторлық көмектер көрсетілуде.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы қарау жергілікті атқарушы органдардағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз