Жарнама
Жаңалықтар

МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ – МӘҢГІЛІК ҚҰРМЕТ

 

Баршаңызды әлем тарихында айрықша із қалдырған Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Жеңіс күнінің мәні ерекше. Өйткені, Жеңіс бізге миллиондардың қанымен келді. Бүгінгі күні жетпіс жыл толып отырған Ұлы Жеңіс мерекесінің торқалы тойында тарихи күнді жақындатуға үлес қосқан барша майдангерлеріміздің алдында бас иеміз.

Екінші дүниежүзілік соғыс сол кездегі кеңес халқының рухы мықты, ерік-жігері күшті біртұтас ел екендігін паш еткен кезең болды. Кеңес Одағының Батыры атағын алғандарды айтпағанның өзінде, 201 қазақстандық «Социалистік Еңбек Ері» атағын алған екен.  Бір ғана Атырау өңірінен ерен ерлігімен көзге түскен Кеңес Одағының он батыры, «Даңқ» орденінің толық төрт иегері және бір Халық Қаһарманының есімдері ел тарихында алтын әріптермен жазылып қалды.

Бүгінде ел Парламенті соғыс ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің еш мұқтажсыз өмір сүруіне заңдылық тұрғыда бар жағдайды жасауда. Ардагерлеріміздің шипажайларда алаңсыз емделуіне, дәрі-дәрмектермен тегін қамтылуына, жәрдемақы алуына бар жағдай жасалуда. Бірақ, біздің майдангерлеріміз бұдан да үлкен құрметке лайық. Өйткені, олар бүгінгі ұрпаққа бақытты болашақ сыйлады. Еліміздің егемендік алып, еңселі ел атануына өлшеусіз үлестерін қосты.

Осынау тарихи мереке күні майдан даласында көз жұмған боздақтар рухына тағзым етеміз! Барша ардагерлерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілейміз!

Мереке құтты болсын!

Зор құрметпен,

Қазақстан Республикасы Парламентінің

атыраулық  депутаттары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button