photo 2020 08 24 17 53 37

Сағызда бірқатар нысандар бой көтермек

Аудан хабарлары Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Экономика Қоғам

Atr.kz/24 тамыз, 2020 жыл. Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында Сағыз ауылындағы ауылішілік жол құрылысының барысын тексеріп, дәрігерлік амбулатория мен Қызылқоға аграрлы–техникалық колледжін аралады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Алдымен, 50 келушіге арналған Жанұялық амбулоторияға табан тіреген облыс әкімі мұндағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Құрылысы 2019 жылы басталған нысан осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мұндағы жөндеу жұмыстарына барлығы 45 жұмысшы тартылған. Оның 22-сі ауыл тұрғыны. Жоба шеңберінде аталған нысанды медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету де қарастырылған.

  • Емханада құрылыс жұмыстары аяқталған соң, жаңа ғимаратта халыққа қызмет көрсетуді бастаймыз. Бүгінде 4 тәжірбиелі дәрігеріміз бен 40-қа жуық медбикеміз бар. Алдағы уақытта коронавирус инфекциясының «екінші толқыны» болады деп болжануда. Біз оған дайынбыз. Қазіргі уақытта алдын алу шаралары мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Сағыз дәрігерлік-абулаториясының жалпы тәжірбиелі дәрігері Балсая Еркебұланқызы.

Мұнан соң облыс әкімі ауылшаруашылық мамандарын дайындайтын 60 жылдық тарихы бар Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжін аралап көрді. Қазіргі уақытта колледжде 6 мамандық бойынша 118 студент оқып жатыр. Олардың білім алуына толық жағдай жасалған. Нақтырақ айтқанда, мұнда 50 орындық жатақхана, 150 орындық асхана, кітапхана және спортзалы бар. Кабинеттер студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануға ыңғайластырылған.

Бүгінде білім ордасының №2 ғимараты мен тұрмыстық қызмет көрсету кешеніне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс осы жылдың маусым айынан басталған. Оған барлығы 89 адам жұмылдырылған болса, оның ішінде 45 адам жергілікті ауыл тұрғындары. Аяқталу мерзімі – 2020 жылдың қазан айы.

Сағыз ауылының кірме және ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары да облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің назарынан тыс қалмады. Мұндағы жөндеу жұмыстары өткен жылы бастау алған. Құрылыс жұмыстарына «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары тартылған. Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін аяқталған соң жол пайдалануға берілмек.

photo 2020 08 24 17 53 31
photo 2020 08 24 17 53 02
photo 2020 08 24 17 53 34

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған