Жарнама
Жаңалықтар

Махамбетке жаңа әкім тағайындалды

Махамбет ауданы әкімінің өкімімен Сапаров Нұрлан Зейнелғабиденұлы Махамбет ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Сапаров Нұрлан Зейнелғабиденұлы 1977 жылы 18 қарашада Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1999 жылы Атырау мұнай және газ институтының «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің құқықтану-бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы.

Еңбек жолын 2001 жылдың “Юлмар-Сервис” ЖШС-нің слесары болып бастаған.

2002-2005 жылдары аралығында Махамбет аудандық құрылыс, тұрғын үй және сәулет бөлімінің бас маманы;

2005-2006 жылдары аралығында Махамбет аудандық қалақұрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары;

2006-2012 жылдары аралығында Махамбет аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы;

2012-2017 жылдары аралығында Махамбет аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

2017-2018 жылдары аралығында “Бас жоспар орталығы” КМК директордың орынбасары;

2018-2020 жылдары аралығында Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы;

2020-2022 жылдары аралығында  Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы;

2023 жылғы қаңтар айынан күні бүгінге дейін Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарып келді.

Өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Арман Бағытжанұлы жаңадан тағайындалған ауылдық округ әкіміне өз жұмысына тиянақты әрі жауапкершілікпен қарайтынына сенім білдірді. Тұрғындардың өтінішімен арызына уақытылы жауап беріп, халықпен әрдайым ашық байланыс орнатуды тапсырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button