Теңіздегі көтеріліс: Нұрлан Ноғаев ТШО басшыларына талап қойды

IMG 20190630 WA0011 Жаңалықтар

Atr.kz/30 маусым, 2019 жыл.  Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев «Теңіз» вахталық қалашығына барып, ТШО басшылығымен жиналыс өткізді. Сонымен қатар, «Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшыларымен кездесті,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуге 30-дан астам адам жеңіл дене жарақатын алған тұрмыстық кикілжің себеп болды. Оқиғаны тексерумен және кен орнында еңбекті ұйымдастыру мәселелерін зерттеумен ведомствоаралық комиссия айналысады. Комиссия жұмысын Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары басқарады.

IMG 20190630 WA0010

-Бұл проблема еңбек жағдайларының әр түрлі болуынан туындап отыр, ТШО мен мердігер мекемелердің басшылықтары мәселені жүйелі түрде шешулері керек. Біз өз тарапымыздан барлық қолдауды көрсетеміз. Инвесторлар түсінулері тиіс- біздің еліміздің аумағында жұмыс істей отырып, заңнаманы және ешкімнің ар-намысына тимейтін, моральдық-этикалық нормаларды сақтаулары қажет. Жақын арада жобаның барлық қатысушыларымен кездесу өткіземіз, барлық компаниялардың бірінші басшылары шақырылады, осы мәселені шешеміз. Бастысы, еңбек жағдайлары бәріне бірдей болуы керек,-деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннер өз кезегінде компания жағдайды реттеуге  және болашақта осындай тұрмыстық кикілжіңдердің алдын алуға
бар күшін салатынына сендірді.

-Біз жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарына жағдайды тез реттеуге көмектескендері үшін разымыз.  ССЕР компаниясына,  басқа да мердігер мекемелерге қатысты жұмыстарды жүргіземіз,-деді Имер Боннер.

Жиналыстан кейін облыс әкімі  Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР) компаниясының жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында компания қызметкерлері әкімнен және ТШО басшылығынан жоба жұмысын тоқтатпауды, адамдардың қызметтік міндеттемелерін орындауға кірісе берулерін сұрады.

IMG 20190630 WA0009

-Біз ведомствоаралық комиссия құрдық, оған облыс әкімінің бірінші орынбасары жетекшілік етеді. Комиссия бірдей еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселесімен айналысады. Сіздер комиссия құрамына өз өкілдеріңізді қоса аласыздар, әріптестерім телефон нөмірлерін қалдырады, жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарыңызды беріңіздер. Сіздердің жұмыс кестелеріңізде ешқандай өзгеріс болмайды, жұмыс қалыпты режимде жалғасады,-деді Нұрлан Ноғаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз