Жарнама
Жаңалықтар

МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ КАСПИЙ ҚҰБЫР КОНСОРЦИУМЫ ҰЖЫМЫН 25 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Каспий құбыр консорциумы» АҚ ұжымын 25 жылдық мерейтойымен құттықтады»,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Каспий құбыр консорциумы» акционерлік қоғамы 1996 жылы желтоқсанда құрылған. Аталған компания құбыр жүйесімен Теңіз кен орнының мұнайын 2001 жылдан тасымалдай бастады.
Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов аталған ұжымның қызметкерлерін мерейлі сәтпен құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.
«Салтанатты жиынға қатысушыларды Каспий құбыр консорциумының құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаймын. Бұл Қазақстан тарихында Ресей Федерациясымен және ірі халықаралық компаниялармен бірігіп іске асырылған табысты жоба. Мұның артында ұжымның қажырлы еңбегі тұр. Өйткені, қазіргі таңда консорциумның арқасында жылына 40 миллион тоннадан астам мұнайды экспортқа шығарып отырмыз. Компания өңірді өркендетуге де өз үлесін қосып келеді»,-деді М.Досмұхамбетов.

c7ffaa38 2aa3 4b67 b64b 86b8d6b47dc4


Салтанатты іс-шарада аталған компания Бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді Қабылдин ҚР Энергетика министрлігінің наградаларын тапсырды. Сондай-ақ бір топ қызметкер алғыс хаттар және мерейтойлық медальдармен марапатталды. Сонымен қатар,қатысушылардың назарына арнайы фильм мен концерттік бағдарлама ұсынылды.
Айта кету керек, бұған дейін Нұр-сұлтан қаласында мемлекет басшысының қатысуымен Каспий құбыр консорциумының мерейтойына қатысты іс-шара өтіп, компанияның біраз қызметкері «Барыс», «Достық», «Құрмет», «Еңбек Даңқы» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған болатын.

719bbdce dda8 4412 b08a 15f934de4b7d

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button