Атырауда коронавирустан тағы тоғыз адам жазылып шықты

8 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/17 маусым, 2020 жыл. Өңірде қауіпті індеттен айығып шыққандар  саны 994-ке жетті, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 

Жазылып шыққандардың бесеуі   Теңіз кенішінің жұмысшысы,  екеуі Атырау қаласының тұрғыны, сондай-ақ Жылыой және Құрманғазы аудандарының екі тұрғыны бар.  Оларға жасалған  соңғы тест нәтижесі  теріс көрсеткіш көрсеткен. 

– Үш ер адам мен алты әйел инфекциялық стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы жақсы,  өздерін жақсы сезінеді, – дейді дәрігерлер.  

Осылайша, облыста  коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 994-ке жетіп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз